Қызылордада республикалық пәндік олимпиаданың қалалық, аудандық кезеңі басталды
![](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/02/273794353_1296486980854504_2271897304356129753_n.jpg)
Білім бәсекесінің аудандық, қалалық кезеңі жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 14 пән бойынша санитарлық талапты қатаң сақтай отырып, офлайн форматта өткізілуде.
Олимпиаданың бүгінгі алғашқы күнінде облыс көлемінде 9-11 сынып бойынша барлығы 5 510 оқушы биология және информатика пәндерінен бақ сынауда.
Биылғы олимпиаданың басты ерекшелігі оқушылар «1 оқушы, 1 компьютер, 1 камера» қағидасы бойынша «Oqylyq.kz» платформасы арқылы жүргізілуде. Сонымен қатар олимпиада кезінде ашықтық пен академиялық адалдықты бақылау үшін мүдделі емес «үшінші тұлғалар», яғни «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің қызметкері, ата-аналар комитетінің өкілдері, журналистер, ғалымдар шақырылды.