Мемлекеттік қызмет: Тестілеуге қалай өтінім беруге болады?
Тестілеу – мемлекеттік қызметке кірудің міндетті шарты болып табылады. Кез келген азамат тестілеуден өтуге өтінімді үйден шықпай-ақ, «egov.kz» электронды үкімет порталы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну арқылы бере алады.
Бұл ретте, тек бір ғана құжат – ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат қажет.
Тестілеуге тіркелу үшін «egov.kz» электронды үкімет порталына кіріп, төмендегі қызметтерді орындау қажет:
– «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамтылу»;
– «Мемлекеттік қызмет»;
– «Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш рет кіретін азаматтарды тестілеу»;
– «ОНЛАЙН СҰРАУ»;
– Бағдарламаны өз қалауынша таңдау (мемлекеттік әкімшілік қызметтің 1-ші немесе 2-ші немесе 3-ші);
– Жеке қасиеттерді таңдау (әкімшілік мемлекеттік қызмет);
– Тестілеуден өтуді қалайтын күні мен уақытын, сондай-ақ тестілеу тапсыратын қаланы өз қалауына қарай таңдау қажет;
– Тіркелу кезінде тестілеуден өтетін күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, қолхат берілу қажет және бұл құжат өтінім қабылданғанын растау болып табылады.
Тестілеу кестесі автоматты түрде құрылады.
Тестілеуге қатысу үшін тестілеу залына қолхатта көрсетілген уақыттан кешікпей келу қажет.
Тестіленуші жеке куәліксіз, сондай-ақ қолхатта көрсетілген уақыттан кешіккен жағдайда, тестілеуге жіберілмейді.
Тестілеу басталар алдында нұсқама өткізіледі, оның барысында тестіленуші адам тестілеуді өткізу тәртібі бойынша толық ақпарат алады.
Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша одан сәтті өткен жағдайда, жарамдылығы 1 жыл мерзімге жарайтын сертификат, ал тестілеуден өте алмаған үміткерлерге төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
Бұл жағдайда, осы тестілеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он бес күн мерзімнен кейін тестілеуден қайта өтуге болады.