» » «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі

«Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі

«Қызылорда облысының мемлекеттік архиві» КММ-ның Жалағаш аудандық филиалы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №159 бұйрығымен бекітілген "Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын басшылыққа алып жұмыс жасауда.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына және "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар топтамасын берген кезде жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады) және заңды тұлға үшін – өкілеттігін растайтын құжат не жеке тұлға үшін – нотариалды куәландырылған сенімхат (уәкілетті өкіл жүгінген кезде).
Көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтің нәтижесі 11 (он бір) жұмыс күн ішінде беріледі.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны мен күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Мемлекеттiк қызмет электронды және қағаз түрінде жеке және заңды тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәселелер жөніндегі архивтік құжаттар негізінде көрсетіледі: жұмыс өтілі мен жалақының мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімі мен біліктілігін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәреже және атақ берілгенін, емделу, қамау орындарында болғанын, көшірілгенін және ақталғанын, экологиялық апат аймақтарында тұрғандығын растайтын, күштеп айдалғаны және репатриацияланғаны туралы, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы архивтік анықтама, архив құжаттың көшірмесі және қағаз тасымалдағыштағы архивтік үзінді.
Жалағаш аудандық архиві жыл сайын Қазақстан азаматтарымен, ТМД елі азаматтарының заңды құқықтарын қорғайтын 1000-нан аса архивтік қызмет орындайды.
Архивтік қызметтің негізгі мақсаттарының бірі көрсетілетін қызмет алушылардың құжаттық-ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру, көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрінің сапасын арттыру, www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы сұрау салуда кеңінен пайдалануды арттыру болып табылады.
Қазіргі таңда Жалағаш аудандық архив ғимаратында «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрышы ашылып, кез келген қолында "Электрондық цифрлық қолтаңбасы" (ЭЦҚ)-сы бар қызмет алушылар «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметіне өтініш бере алады.

К.Едігеева,
архивист


11 тамыз 2020 ж. 542 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930