"Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
"Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру:
көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі және "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды жеке және заңды тұлғамен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) қорғау құжатын беру кезінде:
-осы cтандарттың 2-қосымшаcына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтініш;
-төлемді растайтын құжат;
-сенімхат, (егер өтініш өкіл арқылы берілген жағдайда), немесе сенімхаттың көшірмесі (егер өтініш патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген жағдайда).
2) қорғау құжатының телнұсқасын беру кезінде:
-осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, өнертабысқа патенттің телнұсқасын беру туралы қолдаухат;
- төлемді растайтын құжат.
Порталда жүгінген жағдайда қажетті құжаттар тізбесі:
1) қорғау құжатын беру кезінде:
-көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;
-төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
-сенімхаттың электрондық көшірмесі, (егер өтініш өкіл арқылы немесе патенттік сенім білдірілген өкіл арқылы берілген жағдайда).

-көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы қолдаухат;
-төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда "Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарын беру" және "Өнеркәсіптік меншік саласындағы қорғау құжаттарының телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуден бас тартады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ерғалиев Бердібек
аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы