"Авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізіліміне мәліметтерді және олардың өзгерістерін енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты туралы
Автор - шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындысын жасаған жеке тұлға, ал, авторлық құқық - автордың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтары болып табылады.
Авторлық құқықтың қолданылу аясы Қазақстан Республикасының аумағында жарияланған не жарияланбаған, бiрақ авторлардың немесе олардың құқықтық мұрагерлерiнiң азаматтығына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қандай да болсын объективтi нысанда болатын туындыларға қолданылады.
Авторлық құқық объектiлерi болып табылатын туындыларға – әдеби туындылар; драмалық және музыкалық-драмалық туындылар; сценарий туындылары; хореография және пантомима туындылары; мәтiнi бар немесе мәтiнi жоқ музыкалық туындылар; дыбыс-бейнежазу туындылары; кескiндеме, мүсiндеме, графика және бейнелеу өнерiнiң басқа да туындылары; қолданбалы өнер туындылары; сәулет, қала құрылысы, дизайн және бау-саябақ өнерi туындылары; суретке түсiру туындылары және суретке түсiруге орайлас әдiстермен жасалған туындылар; карталар, жоспарлар, нобайлар, безендiрулер және географияға, топография мен басқа ғылымдарға қатысты үш өлшемдi туындылар; ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар және өзге де туындылар жатады.
Мәліметтерді және олардың өзгерістерін тізілімге енгізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, автордың өтініші алынған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде немесе соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижеcін беру "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz арқылы жүргізіледі.
Б.Ергалиев
Аудандық әділет басқармасының жетекші маманы