» » ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ТЕ ҚОРҒАЛАДЫ
      Зияткерлік меншік – материалдық емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады. Қысқасы, бұл менешікке ғылыми-зерттеу, жеке шығармашылық жұмыстары да кіреді. Осы авторлық құқықтағы меншіктер заң жүзінде қалай қорғалады? Осы жөніңде аудандық әділет басқармасының басшысы Қанат Бөлембаев жауап берген еді.
      – Қанат Шамшатұлы, әділет органдары азаматтардың құқықтарын қорғау және меншік мүліктерін заңмен ерттеу бағытында қандай жұмыстар атқарады?
      – Мемлекет басшысы Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөнінде өршіл міндеттеме қойды, ал бұл өз кезегінде елдің адам өмірінің, қоғамның сапасын арттыру және мемлекеттілікті нығайту үшін жүргізіп отырған бағытын тиімді қамтамасыз етуге тиіс ұлттық құқықтық жүйеге жоғары талаптар қояды. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру барлық мемлекеттік органдардың міндеті, олардың табысы ретке келтірілген іс-қимылдарына байланысты.
         Елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейі Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес бағаланады (ДЭФ ЖБҚИ).  Әділет органдары дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштерін жақсартудың негізгі 4 индикаторы бойынша жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, «Әкімшілік реттеуді дауласу кезіндегі заңнаманың тиімділігі», «Меншік құқығы», «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі», «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторлары. «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторы бірнеше заңмен реттеледі.
      – Тақырыпқа ойыссақ. Жалпы, зияткерлік меншік дегеніміз не?
       – Зияткерлік меншік дегеніміз – азаматтық мүліктік құқықтар нысаны, жеке немесе ұжымдық зияткерлік еңбектің нәтижелеріне айырықша меншік. Зияткерлік меншік – материалдық емес игілікке жатады. Ол біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады.
      – Бұл нысанға қандай мүліктер кіреді? қандай мүліктер немесе жеке шығармашылықтар кіретінің атап өтсеңіз?
– Зияткерлік меншік нысандарына – өнертабысқа, жаңалыққа, селекциялық жетістіктерге, пайдалы үлгілемелерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тағы басқа берілген патенттерден туындайтын құқықтар; ғылым, әдебиет, өнер туындыларын жасаушы ақыл-ой адамдарының кітаптар, спектакльдер, опералар, музыкалық туындылар, сызбалар, тәсімдер, формулалар, тағы басқа түріндегі зияткерлік жұмысының жемісі болып табылатын шығармалық қызметтің нәтижелеріне авторлық құқықтары; фонограммалар жасаумен, орындаушылықпен, телерадиоэфир арқылы хабарлар берумен, клиптермен, тағы басқа байланыс сабақтас құқықтар; заңды тұлғаларды және олардың өнімдерін дараландыру құралдарына (фирмалық атаулар, логотиптер, тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері, тауарлардың шыққан жерлерінің атауы) құқықтар; ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардан туындайтын құқықтар, ноу-хауға берілген құқықтар; зияткерлік меншіктің дәстүрлі емес нысандарына (қызмет бабындағы құпия мен коммерциялық құпия, оны әзірлеу мен қорғау жөніндегі құжаттар, ішкі фирмалық нұсқаулар, ережелер, т.б.) құқықтар жатады.
– Осы жеке мүліктерді қорғау және заң аясында рәсімдеу бағытында қандай іс-шаралар жүргізілуде?
Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілікиндексі көрсеткіштерін арттыру аясында «Зияткерлік меншікті қорғау» индикаторын жақсарту мақсатында биылдың өзінде көпшіліктің қатысуымен 4 семинар, 6 дөңгелек үстел, құқық қорғау органдарымен брифинг, ашық есік күні өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарына да заңнамалық мақалалар жариялануда. Сонымен бірге, «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу», «Селекциялық жетістікке патент беру», «Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығына куәлік беру», «Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу», «Тауар таңбасын тіркеу», «Өнеркәсіптік үлгілік патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттері туралы, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жердің атаулары» туралы ҚР Заңын және ҚР ӘҚБтК-нің 158 бабы «Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану» туралы, «Дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің көрсеткіштері туралы» тақырыптарында кәсіпкерлік субъектілеріне және тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.
Әңгімелескен,
Н.АЛПЫСБАЙ.
13 шілде 2018 ж. 2 247 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930