Айтыс – қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан ұлттық өнер
Айтыс – қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан ұлттық өнер. Айтыстардың авторлық нұсқалары – әдебиет ұғымының аясында қарастырылатын мұралар. Әрбір ақынның сөз арқауына алынатын мәселелерді авторлық идеяның мақсатты бағдарында жырлауға ұмтылатыны – табиғи жағдай. Ақынның авторлық идеясы өмір шындығына қатысты деректерді іріктеп қолдануына, деректілігіне негізделеді. Ақын – автор өзінің тақырыбына сай ой желісін сақтай отырып, айтыстың басталуынан аяқталуына дейінгі біртұтас композициялық өрілімді сақтай жырлайды.
ХVІІІ-ХХ ғасырларда ұлттық әдебиетіміздің авторлық поэзиядағы айтыс жанры көрнекті сипатпен қалыптасты, дамыды, бүгінгі заманға жалғасты. Ақындар айтыстары қазақ әдебиетінің ұлттық сипатын мәңгілікке сақтаған жанр екендігін түпкілікті дәлелдеді. Қазақ әдебиетінің тарихында еларалық-ұлтаралық, яғни халықаралық ақындар айтыстарының да маңызды орны бар. Қазақ және туысқан түркі (қырғыз, қарақалпақ, татар, өзбек) халықтары ақындарының айтыстары әдеби байланыстар кеңістігінде елеулі орын алады. Туысқан халықтар ақындарының бетпе-бет отырып өнер тілімен сайысып сұхбаттасуы – түркі халықтары мәдениеттері тарихының дара ерекшелігі. Қазақ және қырғыз ақындарының айтыстары екі елдің рухани мәдениеті тарихында маңызды үлес болып қосылды. Сүйінбай мен Қатағанның, Құлмамбет пен Қаламқастың, Сарыбас пен Қалмырзаның, Кенен Әзірбаев пен Халық Акиевтің, Жақсыбай мен Османқұлдың және т.б. ақындардың айтыстары еларалық-халықаралық мәдени байланыстар жүйесінде поэтикалық ықпалдастықты қалыптастырды.
Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу, ғылыми негізден айқындап көрсету - әлемдік әдебиеттануда тек қазақ әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді.
Негізінен, қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр. Мұның мәні – қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында.
Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде, дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр. Қорыта айтқанда, сол өзгешеліктердің бірі- XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты. Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын өзгешеліктер, әрине аз емес.
Мөлдір Меңдібаева,
М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы.
Алтынай Қайырбай,
М.Мәметова атындағы педагогикалық колледжінің студенті.