АЙТЫСТЫҢ АҚТАҢГЕРІ
Үстіміздегі жылы Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер Манап Көкеновтің дүниеге келгеніне 90 жыл толады. Айтыстың ақтаңгері атанған өнер иесін қашанда жерлестері үлгі тұтады. Қазақ өнерінде өз өрнегін қалдырған танымал тұлға Жаңақорған ауданының қазіргі Манап ауылында дүниеге келіп, сол елді мекенде өмірінің соңына дейін ғұмыр кешті.
Айтыс ақтаңгерінің туғанына 90 жыл толуына орай Манап ауылындағы №160 орта мектепте «Дарабоз ақын» тақырыбымен арнайы шара өткізілді. Онда көзкөрген азаматтар, туыстары мен балалары естелік әңгімелер айтты.
Ауыл әкімі Ербол Әлменов, мектеп директоры Жанәділ Ибрагимов өнер иесінің өнегелі өмір жолы жайлы айтып өтті. Туған інісі Құттықожа Көкенов ақынның жастық шағы туралы сыр шертті.
Небәрі 64 жас өмір сүрген М.Көкенов туған топырақтан жырақ кеткен жоқ. Еңбек жолында №1 Қызыл отау меңгерушісі қызметін ғана атқарып, сол жұмысында өмірінің соңына дейін болды. Жастайынан ақындар айтысына түсті. Өлең жазып, терме айтты. Осындай еселі еңбегінің арқасында «Республикаға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» атағын иеленді. Қазақстанның халық ақыны атағын иеленді. Өзінің көзінің тірісінде Манап Көкеновтің шығармашылық мектебі ашылды.
Айтыскер ақынның балалары – Ибадулла, Асқар Көкеновтер шараны ұйымдастырушы мектеп ұжымы мен өзге де азаматтарға ризашылығын білдірді.
Бақыт БЕКЕТОВА,
мектептегі М.Көкенов атындағы
мұражай меңгерушісі,
Нағима ИКРАМОВА,
мектеп кітапханашысы.