» » » АҚЫН – ЕЛДІҢ АРДАҒЫ

АҚЫН – ЕЛДІҢ АРДАҒЫ

Халық бар жерде оның руханияты өлмек емес. Ал осы ұлт руханиятын қалыптастыратын тұлғалар шығармашылық адамдары екені белгілі. Солардың ішінде ұлттық рухымызды құнарландырып отыратын ақындар мен жазушылардың орны ерекше.
Киелі Жалағаш мемлекет пен қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушыларды дүниеге әкелген қасиетті өлке. Солардың бірі – Жаңаталап ауылында дүниеге келген ақын, жазушы Зордан Салықбайұлы. Талантты құрметтеу – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті. Ауылда туып, Тәңір берген дарындылығы мен қамшының сабындай қысқа ғұмырында баспасөз саласында өзіндік із қалдырған Зордан Салықбайұлының есімі оқырман қауымның жадында.
Теңіздей тебіреніп, тылсым табиғатпен тілдесіп, орамды ойлармен бөліскен қарымды қаламгердің дүниеден өткеніне 30 жыл толып отыр. Соған орай кеше аудандық Мәдениет және өнерді дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Армандап өткен ғұмыр» атты ақынның еске алу кеші өтті. Шараға қатысушылар аудандық орталық кітапхана ұйымдастырған кітап көрмесі және экраннан көрсетілген бейнекөрсетілім арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысты.
З.Салықбаев 1944 жылдың 15 мамырында Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Осы ауылда 10 жылдық орта мектепті бітіргеннен кейін туған же­рінде колхозшы болып еңбек ет­ті.­ Қызылордадағы педагогикалық инс­титуттың қазақ тілі мен әдебиеті бө­­­лімін үздік бітірген Зордан ағамыз №188 орта мектепте мұғалім, мек­тептің тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары болып қызмет жасады. Бұдан кейін аудандық партия комитетінде саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі болып қызмет атқарған ол, 1974-1986 жылдары аудандық га­зеттің редакторы болып басшылық жасады. №3 кәсіптік техникалық училищеде ұстаз болып қызмет еткен З.Салықбаев 1988 жылы 1 сәуірде дүниеден өтті.
Ақын, жазушының «Үміт толқыны» әңгімелер жинағы, «Жазылып қалған жан сырым» атты өлеңдер жинағы, «Армандап өткен ғұмыр» атты кітабы жарық көрді. Үлгілі отбасы, өнегелі әулеттің тірегі болған З.Салықбайұлы 4 бала тәрбиелеп өсіріп, мәуелі бәйтеректің алтын діңгегі болды.
«Өлді деуге болама айтыңдаршы,
өлмейтұғын артында із қалдырған», – деп Абай атамыз айтқандай, кеш барысында ауданның дамуына дарынды қаламымен үлес қосқан асыл азамат туралы естеліктер айтылды. Аудандық мәслихат хатшысы М.Еспанов, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Көштаев, «Жалағаш жаршысы» га­зе­тінің ардагер тілшісі С.Бертаев, туыстары атынан А.Ақжоловтар ақынның кісілік келбеті, адамгершілік қасиеттерін айтып еске алса, қарындасы Мадина арнау өлеңін оқыды. Мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа айтып, оқырмандар жүрегіне жеткізді. Аудандық мәдениет үйінің әншісі Р.Сабытова әсем ән шырқап, көрермен көңілін бір серпілтіп тастады.
Ақын-жазушының жары, Халықаралық Қазақ тілі қоғамы аудандық филиалының төрайымы Д.Мейірманова жолдасы З.Салықбаевты еске алып, шығармашылығын насихаттауға қолдау көрсеткені үшін аудан әкіміне, аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығы ұжымына алғысын білдірді.

Нұрәділ ҒАЛЫМҰЛЫ.
07 сәуір 2018 ж. 1 749 1

EllBled от 16 маусым 2019 00:05
Discount On Line Finasteride Stendra Order Medicine Pharmacy By Money Order cialis 5 mg best price usa Doxycycline Acutane Baclofene Et Methadone Vendita Pillole Viagra

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 707

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031