» » » Қазақстандық суретшінің туындысы әлемдегі үздік жұмыстың қатарына кірді

Қазақстандық суретшінің туындысы әлемдегі үздік жұмыстың қатарына кірді



Астаналық суретші Дмитрий Левочкиннің граффитиі әлемдегі үздік туындылар қатарына кірді.

Бұл туралы Астанадағы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Facebook парақшасында жазды.
«Біздің граффитиіміздің бірі Инстаграмдағы @urbanfestastana байқауда үздіктер қатарында. Стрит-арт жөніндегі байқауды әлемдегі танымал басылымның бірі ұйымдастырған», – деп жазды Арман Тұрлыбек.
Граффити “Urban Art Astana” байқауы үшін арнайы жасалды.
Дмитрий Левочкин Қазақстанның дәстүрі мен тарихына басымдық салды. Суретші оптикалық графиканы фон ретінде пайдаланып, 3D-де авторлық жобаларды жасайды. Туындының өзі қала орталықтарында алтын не хром түсті мүсінде, үлкен көлемде тұр. Бұл жолы автор Төре тұқымынан шыққан Шыңғыс образын жасады.


Stan.kz


13 тамыз 2018 ж. 1 101 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 072

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031