» » Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс азаймай тұр

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс азаймай тұр



Жыл басынан бері мемлекеттік қызметке орналасу үшін 515 үміткер тестілеуден өтіп, оның 206-сы қызметке қабыл­данған. Ал, жергілікті атқарушы органдардан 23 қызметкер, орталық атқарушы органдардан 25 қызметкер және 5 мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов мәлімдеді.
– Облыстың 25 аумақтық және 25 жергілікті атқарушы органдарымен 391 қызмет түрі көрсетіліп келеді. Биыл 1598066 қызмет көрсетілсе, оның 1023617-сі электронды түрде көрсетілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2,5 есеге артса, мемлекеттік органның тікелей өзімен қағаз түрінде көрсетілетін қызмет саны 41,8 процентке төмендеген, – дейді департамент басшысы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша департаментпен 25 тексеру жүргізіліп, 5649 заңбұзушылық анықталған. Департамент басшысы көптеген бұзушылықтар қызмет көрсету тәртібін бұзу, стандартта көзделмеген құжаттарды талап ету, толық емес құжаттар бола тұра қызмет көрсету, стандартта көрсетілген қызмет көрсету мерзімдерін сақтамау сияқты өзге де заң бұзушылықтарға жол беретінін айтты. Заң бұзу­шылықтарға жол берген 17 қызметшіге тәртіптік жаза қолданылған. Оның 3-і «қатаң сөгіс» алса, 1-іне «сөгіс» берілді, ал 13 қызметкерге «ескерту» жасалды.
Биыл облыс көлемінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы 91 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда 21,3 процентке өскен. Осылайша сыбайлас жемқорлықтың Қызылорда қаласында – 65, Арал ауданында – 9, Қазалы ауданында – 2, Қармақшы ауданында – 4, Жалағаш ауданында – 2, Шиелі ауданында – 6 және Жаңақорған ауданында 3 фактісі тіркелген. Айта кету керек, сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу саласында, қорғаныс істері саласында, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету және ішкі істер органдары салаларында жиі орын алған.

Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

04 тамыз 2018 ж. 847 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930