» » Жер учаскелерін заңдастыру – уақыт талабы

Жер учаскелерін заңдастыру – уақыт талабы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы мемлекетімізде 2015 жылғы қабылданған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» реформасы негізінде жеке және заңды тұлғаларға бір орталықтан мемлекеттік қызмет көрсету үшін құрылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу, жұмыскерлердің қызметке өтініш берушілермен байланыстарын шектеу корпорация қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалының Жалағаш аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі «бір терезе» қағидасы бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету, яғни барлық мақсаттағы жылжымайтын мүліктерді тіркеу, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу қызметін жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғаларға жер телімі табысталған кезде немесе қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру кезінде жерге орналастыру жобасын әзірлеу бойынша жерге орналастыру жұмыстарын орындау қағидалары Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14- бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 150-бабының 3- тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы №379 бұйрығымен бекітілген.
Жерге орналастыру жобасын әзірлеу барысында жерге орналастыру жобасында берілетін жер учаскесінің алаңы, оның шекарасы және орналасатын орны, бөгде және шектес меншік иелері немесе жер пайдаланушылар анықталады.
Мемлекет меншігіндегі жерлерден жер учаскесін берген кезде жаңа жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеу жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.
Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру кезінде жерге орналастыру жобасын әзірлеу тапсырыс берушінің өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.
Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру жөніндегі жерге орналастыру жобасын әзірлеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) жер учаскелерін бөлген кезде ;
2) жер учаскелерін біріктіру (қосу) кезінде;
3) жер учаскесінің сәйкесстендіру сипаттамалары (конфигурациясы, шекарасы) өзгерген кезінде ;
4) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою немесе сатып алу жағдайында жүргізіледі.
Бұл ретте тапсырыс беруші болып жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш білдірген азаматтар мен заңды тұлғалар болып табылады.
Жерге орналастыру жобасы әзірленіп, жер учаскесінің орналасқан жері мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ( аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің МЖК ААЖ қызметі ) графикалық деректеріне сәйкес келген жағдайда, жобаны қарау, келісу жұмыстары аяқталғаннан кейін, жоба жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның (аудандық жер қатынастары бөлімі) бұйрығымен бекітіледі. Ал,осы бұйрықтың негізінде, тапсырыс беруші жергілікті атқарушы органның (аудан әкімінің немесе ауыл округі әкімінің) шешімін алып, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын әзірлеуге өтініш береді. Тапсырыс беруші, яғни жер учаскесінің иесі сәйкестендіру құжатын (жер учаскесіне құқық беретін акт) алған сәттен бастап, жергілікті атқарушы органның (аудан әкімінің немесе ауыл округі әкімінің) шешімімен қоса мемлекеттік \тіркеуге тапсыруға міндетті. Бір ескеретін жағдай, мемлекеттік тіркеуді 6 (алты) ай мерімнен кешіктіріп алмау қажет.
Аудан тұрғындарына жер учаскесінің құжаттарын рәсімдеу кезінде Жалағаш аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің мамандары сауатты түрде және тез уақыт аралығында көмектесіп, тиісті кеңестерін беруге дайын екендігін естеріңізге саламыз.

Ө.БЕКМОЛДАЕВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Жалағаш аудандық
бөлімінің бас маманы
22 қаңтар 2020 ж. 580 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930