» » Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары ұсынылған жәрмеңке өтті

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары ұсынылған жәрмеңке өтті

 Бүгін қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Aray city mall» сауда – ойын – сауық орталығында жергілікті тауар өндірушілерінің өнімдері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер бұйымдары ұсынылған жәрмеңке өтті.

Аталған шараның ерекшелігі – сатылымға мүмкіндігі шектеулі жандардың өз қолымен жасалған бұйымдары қойылған.

Жәрмеңкеге арнайы барған қала әкімі Ғанибек Қазантаев сауда сөрелеріне шығарылған тауарларды қала тұрғындарымен бірге сатып алды.
Одан соң шаһар басшысы «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесу барысында бірлестік төрағасының міндетін атқарушы Данияр Нұрымбетов зағип жандардың ұсыныстары мен тілектерін жеткізді.
Өз кезегінде қала әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарға қашан да жан-жақты қолдау көрсетіледі деді.

Айта кету керек, бұған дейін зағип жандар қоғамдық көліктерде жүруге жеңілдер қарастыруды сұраған болатын. Ғанибек Қонысбекұлы аталған мәселеге байланысты қажетті шаралар қабылданып жатқандығын айтты.



26 ақпан 2022 ж. 142 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 052

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30