» » Гүлшара Әбдіқалықова Алғыс айту күнімен құттықтады

Гүлшара Әбдіқалықова Алғыс айту күнімен құттықтады


Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Алғыс айту күнімен құттықтады.

«Бүгін – Алғыс айту күні!

Бұл күннің мағынасы бөлек демей, бір-бірімізге шынайы құрметімізді көрсетіп, ризашылығымызды білдірудің маңызы зор.

Ел басына түскен сындарлы сәттерде, өңірімізде орын алған күрделі жағдайларда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ауызбіршіліктің үлкен үлгісін көрсеткен, аймағымыздың өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосып жүрген Сыр елінің барша азаматтарына риясыз алғысымды айтамын!

Туған елімізді, жерімізді түлету жолындағы еселі еңбектеріңізге толайым табыс, зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке амандық тілеймін!

Аспанымыз ашық, еліміз бейбіт, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.
01 наурыз 2022 ж. 552 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930