» » Чемпиондарға төленетін төлемақы 306 мың теңгеге дейін көбейтілмек

Чемпиондарға төленетін төлемақы 306 мың теңгеге дейін көбейтілмек



Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев чемпиондар мен олардың жаттықтырушыларына өмір бойы төленетін төлемақының көлемін 306 000 теңгеге дейін көтеруді тапсырды.

«Вице-министрге чемпиондарға, жүлдегерлерге, сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына өмір бойына төленетін материалдық қолдау төлемінің мөлшерін 100 АЕК-ке (306 300 теңге) дейін арттыруды пысықтауды тапсырамын», – деді Абаев.

Оның айтуынша, қазір спортта жоғары нәтиже көрсеткендерге берілетін қосымша төлем 70 мың теңгені шамасында және бұл «өте дұрыс емес».

«Сондықтан жоғары нәтижеге қол жеткізген адамдар лайықты материалдық қолдауға ие болуы керек», – деп есептейді Абаев.

Сондай-ақ ведомство басшысы салада білікті бапкерлер тапшы екенін айтты. Бұл жағдай олардың жалақысына тікелей байланысты.

«Қазіргі таңда (…) еңбек өтілі жоқ біліктілік деңгейі орташа жаттықтырушы 63 мың теңге жалақы алады. Осыған байланысты дене шынықтыру факультеттерінің түлектері спортты таңдамайды, олар қызмет көрсету саласы, күзет фирмалары, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатарын толықтырып жатыр», – деді Абаев.

Ол үкіметке жаттықтырушылардың жалақысын көтеру, сондай-ақ оларды материалдық ынталандыру мәселесі ұсынылатынын айтты.
02 наурыз 2022 ж. 514 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 128

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930