» » Дәурен Абаев: “Жастар жылы” журналистерге көп мүмкіндік ашады

Дәурен Абаев: “Жастар жылы” журналистерге көп мүмкіндік ашады

ÐÓÑÑен Ðбаев

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Астанада Jas qalam форумының ашылуында сөз сөйледі.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жастарға әрі журналистикаға байланысты бастамаларды қолдауға әзір. Бұл туралы бүгін Jas qalam форумының ашылуында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты.

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында: “Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастару керек. Келесі жылы “Жастар жылы” деп жариялауды ұсынамын” деген болатын. Осыған қарай болашағын қаламмен байланыстырып, медиа саласына арнауға бел буған Сіздер үшін де көптеген мүмкіндікке жол ашылары сөзсіз, – деді министр.

Дәурен Абаев мықты журналиске айналу үшін не қажет екенін айтты.

Ол үшін көп ізденіс, тәжірибе қажет. Сондықтан бүгінгі форумның Сіздерге берері көп болмақ. Осындай пікір алмасу алаңдары қанаттарыңызды қатайтады, талаптарыңызды шыңдайды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жастарға әрі журналистикаға байланысты бастамаларды қолдауға әзір,- деді ол.

Форумның ашылуында ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚР Тұңғыш Президенті қорының директоры Дариға Назарбаева қазіргі таңда журналистика көп сұранысқа ие мамандықтардың бірі екенін айтты.
Қазақстандық журналистиканы дамытуға, жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды Jas qalam жобасына 100-ден астам журналист қатысып жатыр. Олардың қатарында тәжірибелілермен қатар болашақ журналистер де бар.


https://baribar.kz
14 қазан 2018 ж. 1 096 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930