» » Дәурен Абаев: Цифрлық хабар таратуға көшу 2021 жылы толық аяқталады

Дәурен Абаев: Цифрлық хабар таратуға көшу 2021 жылы толық аяқталады

Қазақстанды цифрлық жүйемен толық қамтамасыз ету үшін 827 станция керек.

Бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өңірлер қашан цифрлық хабар таратуға көшетінін жария етті.
Ццифрлық хабар таратуға көшу халықтың игілігі үшін жасалады. Тағы бір артықшылық – цифрлық хабар таратуға көшкен жағдайда радиожиіліктер де босайды. Осылайша босаған жиіліктерді біз байланыс саласындағы жаңа технологияларды дамытуға пайдалану мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Ол үшін байланыс операторларымен жан-жақты жұмыс жүргіземіз
, – деді министр. Оның айтуынша, былтыр Ақпарат және коммуникациялар министрлігі “Телерадио хабарларын тарату” заңына өзгерістер енгізді. Осылайша олардың инфрақұрылымдарының дайындығына сай аймақтарды кезең-кезеңімен көшіруге жол ашты.
Маңғыстау, Жамбыл мен Түркістан облыстары және Шымкент 2018 жылдың аяғына дейін, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары 2019 жылы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары 2020 жылға дейін, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстары, Астана және Алматы 2021 жылы кезең-кезеңімен жаңа форматқа ауысады
, – деді Дәурен Абаев. Ол 2021 жылға дейін ел аумағында 270 радиотелевизиялық станция салынатынын айтты.
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша негізгі мәселелер төмендегідей: цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату құрылысын және инфрақұрылымын жаңғырту; әлеуметтік көмек алушыларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету; аймақтың цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшуі туралы халықты хабардар ету
, – деді Дәурен Абаев. Министрдің мәліметінше, ел бойынша радиотелевизиялық станциялардың жалпы саны 827 болуы керек. Қазір оның 356-сы дайын. Жыл соңына дейін тағы 200-ге жуығын аяқтау жоспарланып отыр. Қалған станциялардың құрылысы 2019-2020 жылдар ішінде толық аяқталады. Осы жылдың соңына дейін цифрлық хабар таратуға көшуі жоспарланған аймақтар бойынша Маңғыстау, Жамбыл облыстарында және Түркістан облысы мен Шымкентте тиісті станциялар салынып, халықтың 99%-ы толық қамтылды. Аталған аймақтарда халықты қажетті қабылдағышпен қамтамасыз ету және ақпараттық хабарландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бұрын ешкім сенбеген цифрлық хабар таратуға қол жеткізу бойынша осындай ауқымды шаруалар қолға алынған. Осылайша 2021 жылы осы жұмысты толық аяқтауды жоспарлап отырмыз, яғни Шығыс Қазақстан облысындағы Владимировкадан Маңғыстаудағы Қаражамбас ауылына дейін, Солтүстіктегі Сунное селосынан, Түркістан облысындағы Мырзакентке дейін кең аумақ цифрлық хабар таратумен толық қамтамасыз етіледі
, – деді Дәурен Абаев.
05 қыркүйек 2018 ж. 953 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930