Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттің құқығын қорғайды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі және МӘМС бойынша жеткізушілер көрсететін қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторингті жалғастыруда.
2021 жылы халыққа медициналық көмек көрсету кезінде ӘМСҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының сарапшылары 82,4 мыңдай түрлі кемшілік анықтады, медициналық ұйымдарға салынған айыппұл сомасы 1 374 млн теңгеден асты, – деп хабарлады ӘМСҚ облыстық филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов.
Бұзушылықтардың басым бөлігін мамандар халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету кезінде анықтады. Бұдан әрі, сарапшылардың деректері бойынша, көмек/қызметтер көлемінің негізсіз артуы, емдеу-диагностикалық іс – шаралардың стандарттардан, денсаулық сақтау саласындағы ережелерден/ клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқу фактілері, медициналық құжаттаманы дұрыс ресімдемеу сияқты ақауларға жол берілген.
Медициналық көмекті сапасыз көрсетуші денсаулық сақтау субъектілеріне айыппұл санкциялары қолданылды.
Медициналық ұйымдардың көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қатысты міндеттемелері шарттық қатынастардың маңызды бөлігі болып табылады және Қор олардың орындалуын талап етуге құқылы. Айта кетейік, осы жылдан бастап Қор проактивті мониторинг жүргізу тәжірибесіне енгізілген, онда өнім берушінің шарттық міндеттемелерін орындамау фактілері анықталған кезде жоюға қорытындыға қол қойылған күннен бастап және оларды тиісінше орындауға 45 күнтізбелік күн беріледі. Егер ақау мерзімінде жойылмаса, медициналық ұйымға айыппұл салынады.
Сондай-ақ, ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтер үшін ақы төлеу осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асатынын атап өткен жөн. Яғни, медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін, сондай-ақ клиникалық хаттамалардың ұсынымдарын сақтай отырып, құжатпен расталған, факті бойынша көрсетілген қызметтер ғана төленеді.
Егер пациент өзі алмаған қызметтің жазылу фактісін өз бетінше анықтаса, ол туралы медициналық сақтандыру қорына хабарлау қажет. Шағым немесе өтініш беру үшін 1406 телефонына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

«Проактивті мониторинг медициналық қызмет көрсетуші субъектілеріне ақауларды жоюға мүмкіндік береді және олар айыппұл санкцияларын болдырмау үшін барлық кемшілікті мүмкіндігінше жоюға тырысатынын атап өткен жөн. Нәтижесінде пациент ұтады, оның мүддесінде қор қызметкері кемшілікті анықтағаннан кейін медициналық көмек көрсетушілерге қызметіне қайта бағалау жүргізеді және оларды жоюды талап етеді. Медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен Қор қызметкерлері арасында мониторингтің бұл форматы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бірлесіп жақсарту үшін сенімді қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Бақыт Исмаханбетов.