Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымдарға 16 млрд теңгеден астам қаржы төленді
Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша медициналық ұйымдарына 16,1 млрд теңге төленді. Бұл қаржыландыруды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін медициналық қызметтер үшін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде жүзеге асырады.Барлығы 57 257 829,96 мың теңгеге шарттар жасалды, оның ішінде 41 286 878, 62 млн.теңге (72,2%) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, 15 970 951,34 мың теңге (27,8%) МӘМС қаржысы құрайды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі







