» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 5-7 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Демалыс күндері циклон Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі.

Осыған байланысты көп өңірлерде жаңбыр жауады.

5 наурызда – батыста және елдің оңтүстік жартысында, 6 наурызда – елдің солтүстік жартысы мен орталығында қар мен жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Елдің солтүстік бөлігінде бұрқасын соғады.
04 наурыз 2022 ж. 137 0