Партия азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді болуы тиіс
Құрметті достар!
Халқымыз ежелден кез-келген нәрсеге ат қоярда оның терең мағынасына барып қояды. Баршамызға белгілі 1 наурыз күні партияның съезі өтіп, партияның атауы өзгерді. Ендігі кезекте партияның аты «Аманат» болмақ. Мемлекет басшысы «Аманат» - ұлт үшін де, халық үшін де қастерлі ұғым. Бұл мемлекеттілік пен ұрпақ жалғастығын көрсетеді» деп жаңа атаудың маңыздылығы түсіндіріп, бұл тың өзгерістердің алғышарты болатындығын атап өтті.
Бүгінгі таңда қоғамның аса өзекті сұраныстарының бірі – партияның ашықтығы және халыққа жақын болуы. Партия азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді болуы, халықтың мүддесін тиімді қорғауы тиіс. Азат күннің алтын қазығы аста-төк қазба байлығы емес, азаматтық қоғам қалыптастыру екенін ескере келе партия жұмысы айқынырақ бола түсуде.
Ата-бабамыздың аманат етіп қалдырған тәуелсіз ел мен кең-байтақ жерді көздің қарашығындай сақтап, көркейтіп, келесі ұрпаққа табыстау – ортақ борыш.
«Аманат» сөзін жалау еткен партия қазақ елін дамытуда аянбай қызмет етеді деп сенім білдіремін.
Қайрат Алмасұлы,
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты.