» » Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ – Бас прокуратура

Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіліп жатқан жоқ – Бас прокуратура

ҚР Бас прокуратурасы Иманғали Тасмағамбетовке қатысты тексеру жүргізіп жатқан жоқ. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке қатысты оның «Астана LRT» ЖШС-дағы ұрлыққа қатыстылығы фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатқаны туралы хабарлама таратылуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – делінген Бас прокуратура мәліметінде.
12 наурыз 2022 ж. 105 0