2022 жылдың 16 наурыз күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы болып өтті
ТҮЙГЕН ОЙМЕН БӨЛІСУ
Құрметті Отандастар - бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік деп бастады мемлекет басшысы өз сөзінің басын.
Осы күндерде жұртымыз Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүрегімен сезінді. Татулық пен тұрақтылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екенін жете түсінді. Біз мызғымас бірліктің арқасында мемлекетімізді қорғап қалдық деді. Әрқашанда бәрін ашық айтып, індет кезінде қалыптасқан ахуал жөнінде жұртшылыққа үнемі ақпарат бере отырып, өткен күндердегі қатерлі уақыттарда Мемлекет басшысы халыққа бірнеше үндеу жасап, әрдайым халықпен берге болатынын айтқан болатын.
Осы уақытқа дейін мемлекет ауқымды жұмыстар атқарды, көптеген табыстарға қол жеткізді. Алайда береке-бірлігімізді сақтамасақ, жетістіктеріміздің барлығынан айырылып қалуымыз мүмкін екенін ескертті.
Мемлекет басшысы бүгінгі жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды және бұл құжат, ең алдымен, қоғамның қажеттілігіне және сұранысына негізделген деді.
Жолдаудағы ең жағымды жаңалық Семей аймағында Абай облысынның құрылуы, Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажеттігі, Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығына айналуы, Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы халықтың ұсынысымен санасқандығы деп білемін.
Бүгінгі жолдаудағы тағы бір маңызды шешім бұл Қапшағай қаласына еліміздің біртуар азаматы Д.Қонаевтың есімінің берілуі бізді қатты қуанта білді.
Халқымызды, елімізді жаппай бір ауыздан осы аса қымбат бастамаларды қолдауға шақырамын!
Біздер, халық үшін еліміздің амандығы мен жеріміздің тыныштығы, бейбітшілік мен тұтастығымыздан асқан ешбір құнды да қасиетті дүние жоқ екенін білеміз.
Сол үшін халқымызды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының келелі бастамаларын қолдауға, бірге жүзеге асыруға шақырамын.