Ел игілігі жолында жасалған нақты қадамдар
1 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев төрағалығымен партияның съезі болып өтті. Ел Президенті алдымен жыл басындағы қаңтар оқиғасы кезінде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды сақтап қалуда қызмет еткен әр қазақстандыққа алғысын айтты.
Тарихи маңызы бар съезд жұмысында партия атауы өзгерді. Халық пен партияластар арасындағы ұсыныс негізінде партия «AMANAT» болып өзгерді. Аманат сөзінің мағынасы үлкен жауапкершілікті жүктейді. Аманат сөзі ата-бабамыздың аманат етіп қалдыратын дәстүрі болған. Қазақ халқының тәрбиесінде ондай аманатқа қиянат жасамаған. Міне осы сөзді берік ұстанып, тереңінен түсініп, жұмыс жасауымыз қажет.
Жаңа Қазақстанды құруда ауқымды жұмыстар мен міндеттер тұр. Бұл үшін барлығымыздың ауызбіршілігіміз маңызды. Бірлік бар жерде, тірлік бар. Ел тағдыры әрқайсымызға аманат деп білемін. Халық үшін жасалып жатқан бұл қадамдардың барлығын алдағы уақыттарда іске асыруда бірлесе жұмыс жасауға шақырамын!
ЕЛІМІЗ АМАН, ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН.
Еркін БАЗАРБАЙҰЛЫ,
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты
Жалағаш аудандық мәслихат депутаты