» » Жаңа қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы

Жаңа қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы саяси жүйеге өзгертулер енгізуге бағытталған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын ұсынды. Халықтың соңғы оқиғалардан кейін Мемлекет басшысынан ауқымды және нәтижелі саяси реформалар күткені анық. Мінекей бүгін көкейге қонымды нақты 10 бағыттан қамтылған жолдауы болды. Жолдаудағы қуанышты жаңалықтардың бірі жаңа облыстардың ашылуы. Аумақтық әкімшілік тараптар бойынша жаңадан Абай, Ұлытау, Жетісу облыстары құрылады. Президенттенттің бұл бастамасы экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да маңызды шешім. Әсіресе жаңа облыс орталығы айналған Қапшағай қаласын Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев қаласы деп атау туралы ұсынысы да көкейге қонды. Бұл ұсынысты халықтың қолдайтынына сенемін. Жалпы Жолдаудағы саяси реформалардың барлық бағыттары Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне өзгеріс әкеледі деп ойлаймын.
Жаңа Қазақстанды құруда партияға үлкен жауапкершілік пен міндеттер тұр. Мемлекет басшысының «Азаматтардың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын» деген сөзін қуаттаймын. Халық игілігі жолындағы жұмыстары бұрынғыдан қарқындылығы артатын болады.

МҰСТАФАЕВА Қаншагүл,
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы.
16 наурыз 2022 ж. 326 0