31 наурызға дейін салық декларациясын кімдер тапсырады?
Мемлекеттік кірістер комитеті наурыздың соңына дейін салық декларациясын тапсыру қажеттігін ескертті.
Заң бойынша 2021 жылы мүлікті жалға берген немесе мүлікті сатқан кезде құн өсімінен табыс тапқан жеке тұлғалар 2022 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, салық декларациясын тапсыруы қажет. Табыстың нақты түрлері де анықталған.
Олар:
– салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүлікті жалға беруден түсетін кіріс;
– жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай, жеке қосалқы шаруашылық, гараж, пәтер, жер учаскелері, механикалық көлік құралдары және тіркемелер бойынша меншік құқығы бір жылға жетпеген жағдайда құн өсімінен түсетін кіріс;
– жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін және жер үлестерін, инвестициялық алтынды, бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін өткізу кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;
– талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс;
– Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті сатудан (мүлікті, бағалы қағаздарды, борыштық бағалы қағаздарды, қатысу үлесін өткізуден) түскен кіріс;
– жарғылық капиталға салым ретінде мүлікті (ақшадан басқа) беру кезінде құн өсімінен түсетін кіріс;
– шағын бизнес субъектілері үшін не шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің өзге де активтерін сату кезінде құн өсімінен түсетін кіріс.
Бұдан бөлек, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, медиаторлар, еңбекші көшіп келушілер-резиденттер, үй қызметкерлері, бейрезидент-жеке тұлғалар, шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерімен, консулдық мекемелерімен жасалған еңбек шарттары (келісімшарттары) және (немесе) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскер табысын алған азаматтар, салық агенттері болып табылмайтын қоғамдық ұйымдар мен қорлар декларацияның 240.00 формасын тапсыруға міндетті.
Сондай-ақ бұл тізімге 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай Қазақстаннна тыс жерлерде тіркелген жылжымайтын мүлікке, бағалы қағаздарға меншік құқығы, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі бар жеке тұлғалар да кіреді.
Табыс салығының мөлшері кірістің 10 процентін құрайды. Оны 10 сәуірден кешіктірмей төлеу керек.
Ал декларацияны тұрғылықты жері бойынша салық органына қағаз түрінде және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы немесе cabinet.salyk.kz web-порталындағы салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде тапсыруға болады.
Sputnik.kz