» » СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛДІ

Кеше Жалағаш ауданына ҚР Парламент Сенатының депутаттары М.Бақтиярұлы мен А. Әлназарова арнайы жұмыс сапарымен келді.

Халық қалаулылары ең алдымен «Агро Холдинг Қызылорда» ЖШС ғимаратында болып, шаруашылық басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуде көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және бүгінгі таңдағы нақты мәселелер сөз болды.

Мұнан соң, кезек ұсыныс-пікірлерге беріліп, егістікті әртараптандыру, субсидия төлеу, су және тыңайтқыштардың бағасын тұрақтандыру жөнінде мәселелер талқыланды.

Одан кейін, сенаторлар жаңадан салынған 100 төсектік Жалағаш аудандық ауруханасында болып, аурухананың тыныс-тіршілігімен танысты. Аудандық аурухананың бас дәрігері Е. Мақсұтов алдағы жұмыстарға және проблемалық мәселелерге де тоқталып өтті.

Аудан әкімі Асылбек Шаменов ауданға арнайы жұмыс сапарымен келген халық қалаулыларына алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.


25 наурыз 2022 ж. 331 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 197

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031