» » Аймақ басшысы сырбойылықтарды құттықтады

Аймақ басшысы сырбойылықтарды құттықтады



Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сырбойылықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Қадірлі жерлестер! Жер-Ана бусанып, тіршілік атаулы жанданып, адамзат баласы қуанып қарсы алатын Ұлыстың ұлы күні – жыл бастауы әз-Наурыз баршаңызға құтты болсын!

Бұл – ойымызды таза арнаға бұрып, ізгілікке жетелейтін ауызбіршілік пен ынтымақтың, кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, жаңару мен жаңғырудың мерекесі.

Дамудың жаңа жолына түскен тәуелсіз еліміздің бүгіні берекелі, ертеңі еңселі, келешегі кемел болсын деп тілеймін!

Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын Наурыз мейрамы тәуелсіз елімізге, туған жерімізге, әрбір отбасына бақ-береке, ырыс-құт, молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!
22 наурыз 2022 ж. 101 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031