АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫН МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!
Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды жандарыңызға жақсылық пен жарқын үміт ұялатқан ізгілік пен ынтымақтың белгісі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы жалпы халықтық мерекеге айналды. Халықтар арасындағы достықты бекітуде, бауырластық қарым-қатынастардың нығаюында, әр ұлттың салт-дәстүрінің қайта жаңғыруында бұл мейрамның орны ерекше. Сондықтан Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Наурыз – Қазақстан халқын біріктіретін ортақ мерекеге айналды», - деп оның мән-маңызын атап көрсетті.
Наурыз мейрамымен бірге келетін жаңа жылымызда осы уақытқа дейін қол жеткізген жетістіктеріміз одан әрі жалғасын тауып, мақсат-мұраттарымыз орындалғанын қалаймыз. Бұл жылы да әрбір тұрғынның, әр отбасының әл-ауқатының артуы біз үшін басты міндет болып қала береді. Осы жолда баршамыз болып ауызбіршілік пен ынтымақты ту етіп, ортақ игілік жолында еселі еңбек ете білсек, асатын асуымыз биік болмақ.
Қадірлі ағайын!
Жаңа жылымыздың жаңа күні, алғашқы нұры баршамызға бақ-береке, өзара түсіністік пен болашаққа деген сенімділік әкелсін! Лайым, еліміздің алға басқан әр қадамы сәтті болып, әрбір шаңырақта ырзық пен берекенің нұры шалқысын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
аудан әкімі
Қайратбек Сәрсенбаев.