Қазақстанда биыл түлектерге ҰБТ-ны екі рет тапсыруға рұқсат беріледі
Биыл түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыруға рұқсат беріледі. Бұл жайында биыл мектеп бітіретін оқушыларға хат жазған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
Сонымен қатар ол түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан сүрінбей өтулеріне тілектес екенін жеткізді.
«Жақсы жаңалық та бар. Instagram-да мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол», – деп жазды министр Facebook парақшасында.
Сонымен қатар ол түлектерге Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан сүрінбей өтулеріне тілектес екенін жеткізді.
«Білімдеріңіздің арқасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, грантқа ие болыңыздар! Баршаңызға сәттілік тілеймін!», – деді Асхат Аймағамбетов.