» » Қазақстанда тегін үйірмелерді қаржыландыру көлемі артады

Қазақстанда тегін үйірмелерді қаржыландыру көлемі артады

 ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев тегін мәдени үйірмелер бойынша туындаған проблема туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл мәселе жұмыс істеп тұр. Тек 2-3 облыста ғана өтінімдердің көп келуінен проблема туындады. Үйірмеге қатысқысы келетіндердің саны жоспардағыдан көп болып шыққан. Бұл жерде мәселені шешудің бір жолы ғана бар. Біз қаржыландыру көлемін ұлғайтамыз. Бағдарлама әрі қарай жұмыс істей береді», – деді ведомство басшысы.

Оның мәліметі бойынша, аталған үйірмелерге бөлінуі тиіс қаражаттың нақты көлемі мен мерзімін жергілікті әкімдіктер есептеп, анықтайды.

«Мәселе қаржыда емес, тегін үйірме қызметін ұсынудың шарттарын реттеуге келіп тіреліп тұр. Үкімет отырысында айтқанымдай, құжатта бар, нақты өмірде жоқ жандар пайда болып жатыр. Сондықтан бұл мәселені жуық арада шешуіміз керек. Бүгінге дейін бұл бағдарламаның мүмкіндігін 500 мың бала пайдаланып үлгерген. Меніңше, бұл тамаша көрсеткіш. Яғни, тегін үйірмелер жабылмайды», – деді Дәурен Абаев.
05 сәуір 2022 ж. 93 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 051

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30