» » БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ПАРТИЯ АЛАҢЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ


Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Байғазиев Руслан Жақсылықұлы «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде бекітілген кестеге сәйкес қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген тұрғындар салық есептіліктері, «Е-salyq business» қосымшасының жаңа мүмкіндіктері, көлік салықтары туралы заңдылық кеңестер сұралды.

Қабылдау барысында заңдылық кеңестерді сұраған әрбір тұрғынның сауалы басқарма басшысы тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық заманда әрбір қазақстандықтың жұмыс жасау барысында заңдылықты білуі, оның іс жүзінде қолдануы біз үшін маңызды деді – басқарма басшысы Руслан Байғазиев.

Ақпарат үшін: Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Байғазиев Руслан Жақсылықұлы бекітілген кестеге сәйкес әрбір тоқсан сайын жеке қабылдау өткізеді. Қабылдауға алдын-ала жазылуға немесе тиісті басқармаға қатысты сауал туындаған жағдайда онлайн байланыспен хабарласуға болатындығын назарларыңызға саламыз.

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің байланыс телефондары: 8 (724) 31 32 1 48; Whatsapp желісі: 87782135563
08 сәуір 2022 ж. 185 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30