ТҮНГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Рейдке полиция капитаны Е.Жүргенбаев пен полиция аға лейтенанты А.Таженов және аудандық жастар ресурстық орталығының кеңесшілері, партия мүшелері А.Тұрмағанбет пен Ә.Амангелді қатысты.
Шараның мақсаты - балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және беймезгіл уақытта жасөспірімдердің түнгі дүкендер мен қоғамдық ойын-сауық орталықтарында заңсыз жүруіне жол бермеу.
Рейд барысында ақпарттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақтар таратылды.