Бас прокуратура қаңтарда 24 қызылордалыққа табельдік қару қолдану себебін айтты
ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғасында қаза болған 24 қызылордалыққа табельдік қару қолданылу себептерін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуына қарағнада 5 қаңтарда Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметіне қарулы шабуыл жасалған.
Айтуынша, 12-і сағат бойы қоршау кезінде жергілікті полиция қызметі ғимаратына 10-нан астам қарулы шабуыл жасалған.
Бас прокуратура дерегі бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан.
«Адамдардың қаза болу мән-жайларын анықтау жұмыстары жалғасуда. «Қайғылы қаңтар» барысында адам өлімінің барлық фактілері бойынша қылмыстық қудалау органы мұқият тергеу жүргізуде, болған оқиғаның мән-жайлары күн сайын ашылуда. Қызылорда облысында қаза болған 24 адамға қатысты табельдік қаруды қолдану себептері анықталды», – деді Елдос Қилымжанов.
Оның айтуына қарағнада 5 қаңтарда Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметіне қарулы шабуыл жасалған.
«Террористер жүк көлігімен ғимараттың қақпасын соғып кіріп, онда олар аңшы мылтықтарымен оқ жаудырды, бақылау-өткізу пунктін, жедел басқару орталығының камералары мен патрульдік машиналарды өртеді. Осыған байланысты полиция алдымен ауаға атып, содан кейін шабуылдаушылардың аяқ-қолын нысанаға алып, табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды.Алайда, бұл оларды тоқтатпады. Алкоголь мен есірткінің әсерінде болып, олар ғимаратқа бірнеше рет шабуыл жасады. Екінші шабуылдан кейін алты адамнан тұратын топ келіссөздер түрінде Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ибраев пен рота командирі Естаевты алдап шақырды.Осы сәтті пайдаланып, келіссөз жүргізушінің бірі бұрын сотты болған «О» есімді азамат рота командирі Естаевқа шолақ мылтықпен тіке оқ атқан. Қарсы атылған оқпен оның көзі жойылды. Естаев көптеген дене жарақаттары, үлкен қан жоғалтуымен ауыр халде реанимацияға жеткізілді, оның өмірін әрең сақтап қалу мүмкін болды», – деді Бас прокуратура өкілі.
Айтуынша, 12-і сағат бойы қоршау кезінде жергілікті полиция қызметі ғимаратына 10-нан астам қарулы шабуыл жасалған.
«Оларға тойтарыс беру нәтижесінде 20 шабуылшының көзі жойылды. Мұнымен қоса, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ғимаратын басып алуға әрекет жасалды. Оған тойтарыс беру кезінде 4 шабуылшының көзі жойылды», – деді ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары.
Бас прокуратура дерегі бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысқан.