» » Қазақстанда балалардың төлқұжатын алу арзандайды

Қазақстанда балалардың төлқұжатын алу арзандайды

Қазақстанда кәмелетке толмаған балаға төлқұжат алу арзандамақ. Мұндай ұсынысты Парламентте Мәжіліс депутаттары тастады. Қазіргі уақытта мемлекеттік баж салығы 8 АЕК-ті (24 504 теңге) құрайды, алдағы уақытта оны 4 АЕК-ге (12 252 теңге) дейін төмендетпек. 

Парламент мәжілісі халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Депутат Ғазиз Зейнел-Ғабиденұлы Құлахметов 2020 жылдан бастап 16 жасқа дейінгі балалардың фотосуретін ата-анасының паспортына жазуға және жапсыруға тыйым салынғанын еске салды.

Осыған байланысты шетелге шыққан кезде балаларға жеке паспорт қажет.

«Физиологиялық процесті ескеріп, 12 жасқа толғанша баланың төлқұжатын әрбір 5 жыл сайын ауыстыруды көздеп отырмыз, ал 12 мен 16 жасқа дейінгі балалардың паспортының жарамдылық мерзімі өзгеріссіз, яғни 10 жыл болып қала бермек», – деді мәжілісмен.

Осы орайда, құжатты ауыстыру отбасыға қаржылық салмақ түсіретінін ескерген депутаттар мемлекеттік баж салығын 8 АЕК-тен 4 АЕК-ге дейін төмендетуді ұсынды. 

Сондай-ақ заң жобасына сәйкес, пана іздеген адамдар мен босқындар Қазақстан аумағындағы мекенжайын ауыстырған жағдайда, тіркеуден шығып, жаңа тұрғылықты жеріне қоныстанған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органда қайта тіркеуге тұруға тиіс.

Пана іздеген адамдарды Қазақстан аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеудің тиісті тәртібін бекіту жөніндегі құзыретті ішкі істер министрлігіне беру қажет деп ұйғарылып отыр.

Stan.kz
13 сәуір 2022 ж. 62 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930