» » Қызылордада бірнеше рет автокөлік ұрлаған күдікті қолға түсті

Қызылордада бірнеше рет автокөлік ұрлаған күдікті қолға түсті


Қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері Қызылорда қаласында бірнеше рет автокөлік ұрлаған күдіктіні ұстады.

Наурыз айының 27 күні сағат 04:06 шамасында, белгісіз адам көпқабатты үйдің ауласында тұрған «Нексия» автокөлігін белгісіз бағытқа айдап кеткен.

Дәл осындай дерек бойынша 11 сәуір күні полиция басқармасына және Ақсай полиция бөліміне қала тұрғындары келіп, Шұғыла мөлтек ауданы аумағындағы көп қабатты тұрғын үй ауласында және жеке меншік үйдің алдында тұрған ресейлік нөмірлі «Нексия» автокөліктерінің есігін кілтпен іріктеу арқылы ашып, белгісіз бағытқа айдап кеткені жөнінде «102» арнасына хабарласып шағымданған.

«Дер кезінде полиция қызметкерлеріне іздеуге салынған автокөлік бойынша бағыт – бағдар берілді. Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің арқасында күдікті 26 жастағы облыс тұрғынын Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп ұстады. Айғақ зат ретінде ұрланған автокөліктер тәркіленді. Тергеу барысында осы деректерге қатысы бар басқа да тұлғалар тексерілуде.


Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (бернеше рет жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді облыстық полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре.
15 сәуір 2022 ж. 101 0