» » Үкімет бизнесті қолдауға қатысты жаңа шаралар бекітті

Үкімет бизнесті қолдауға қатысты жаңа шаралар бекітті

Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы жаңа шараларды енгізу мүмкіндігін қарастырды, деп хабарлайды Stan.kz.

«Премьер-министр Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шараларға арналған кеңес өткізді. Отырыс барысында үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін жіті қадағалап отырғаны айтылды», – делінген хабарламада.

Отандық компаниялардың дамуын ынталандыру және әкімшілік жүктемені азайту үшін бірқатар жаңа қолдау шараларын енгізу ұсынылады.
Мемлекеттік сатып алу шеңберінде өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға тап болған компанияларды жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін әзірлеу ұсынылады.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында сақтандыру сыйлықақыларына мемлекеттік субсидиялар көлемін ұлғайту ұсынылады.

Сонымен қатар, отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингке беруді кеңейту ұсынысы қолдау тапты.

Премьер-министр айтылған және басқа да ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды тапсырғанын баса айтылды.
22 сәуір 2022 ж. 107 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930