» » Бірлік туын биіктету керек

Бірлік туын биіктету керек

Бір ай бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы" атты Жолдауын жариялады. Шынын айту керек, Президенттің "Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік" деп басталатын сөзі халықтың Қаңтар оқиғасынан бері еңкейіп қалған еңсесін тіктеп, алдағы күндерге деген үмітін оятты. Нық әрі сенімді.
Мемлекет басшысы айтқандай, бе­реке-бірлігімізді сақтамасақ, тағы да жетістіктеріміздің бәрінен айырылып қалуымыз ғажап емес. Қаңтардағы дүр­белең кезінде бұған баршамыздың көзіміз анық жетті.

Расында бұл оқиға бүкіл қоғамды дүр сілкіндірді. Оны “Халқымыз бұрын-соңды болмаған қауіп-қатермен бетпе-бет келді” деп Президент те атап өтті. Шынында мемлекетіміздің тұтастығына һәм егемендігімізге үлкен қауіп төнгенін тағы да көрдік. Сол тұста жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін жан-жүре­гімен сезінді, оның шексіз байлық еке­нін түйсігімен түсінді. Татулық пен тұ­рақ­тылық, тыныштық пен бейбітшілік қаншалықты маңызды екеніне біздің де көзіміз анық жетті.

Рас, бірлік болмаған жерде береке де болмайды. Ал берекесі кеткен елден бақ қашады. Бірлік – елдіктің діңгегі. Сондықтан елдік мүдде үшін халық бо­лып ұйысып, бір жағадан бас, бір жең­нен қол шығармасақ, Президент жал­ғыз һәм дара ештеңені шеше алмайды.
Халыққа қажетті реформаларды жү­зеге асыруды Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы ретінде бас­ты міндетім деп біледі. Оны кешегі Қазақ­стан халқына Жолдауында да айтты. Енді саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес. Бұл – расында анық нәрсе. Пре­зидент екі жарым жылдың ішінде осы бағытта нақты нәтижеге ел болып қол жеткізгенімізді жасырмайды.

"Кешегі Қаңтар оқиғаларына да еліміздегі тоқыраудың салдары бел­гілі бір деңгейде әсер етті. Мен соң­ғы екі айдың ішінде әлеуметтік-эко­но­­микалық салада, ұлттық және қо­­ғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде, ең алдымен, жүзеге асыру қа­жет болатын міндеттерді айқындап бердім" деді Мемлекет басшысы. Ал сол айқындалған міндеттерді жүзеге асыру – баршамызға міндет.

"...Мен бүгін еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсын­­ғалы отырмын. Бұл құжат, ең ал­ды­мен, қоғамның қажеттілігіне және сұ­ранысына негізделген".

"...Парламент депутаттары, Консти­ту­циялық кеңес, Орталық сайлау ко­мис­сиясы, Жоғарғы Сот және беделді сарапшылардың ұсынымдары назарға алынды. Ұлттық қоғамдық сенім ке­ңе­сінде осы тақырып бойынша пікір­­­талас өтті. Құжатты әзірлеу ке­­зін­­де зерттеушілер мен қоғам қай­­рат­­­керлерінің, саяси партиялар мен үкі­меттік емес ұйымдардың ұсы­ныс­та­ры да мұқият зерделенді".

"...Реформа жасап жатырмыз деген атақ үшін ғана реформа жасаудың ешкімге қажеті жоқ. Мен мұны бірнеше рет айттым. Біз бұл өзгерістерді жұрт­қа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құ­лаққа жағымды, бірақ орындалуы екі­талай, күмәнді көрсеткіштерге ал­данбаймыз".
"Қағаз бетінде ғана жүзеге асы­рылған, бірақ шындыққа еш жанас­пайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Ха­лыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көз­бен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек".

Бұл қос бүйірін тырнақшамен құр­саулап қойған сөздерді мен Президент Жолдауынан түртіп алдым. Мемлекет басшысының осы сөздері менің бойы­ма ерекше қуат беріп, көкейіме сенім ұялатты. Елдің көкейіне қонған сөз көп өтпей іске айналады. Мен соған сенемін.
"Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­рым­да­масын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қа­лып­тасқан тиімді мемлекетке ай­нал­дырамыз. Осыған орай «Күшті Пре­зидент – ықпалды Парламент – есеп бе­ретін Үкімет» қағидатын басшылыққа аламыз. Бүгін мен осы стратегиялық мақ­­сатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынамын" деді Мемлекет басшысы.

Жолдауда алдымен Президенттің өкілеттілігі туралы айтылды. Бұған дейін ұзақмерзімді басқарудан және кей саладағы нәтижесіз жұмыстан ха­лықтың шаршағаны рас. Сондықтан Президент енді Қазақстанда супер­пре­зиденттік басқару үлгісі өзгеретінін айтты және алдағы “Amanat” пар­тия­сының съезінде ұйымның төра­ға­лы­ғы­нан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл да жүйенің өзгергені деп түсіндім.

Одан бөлек бұл Жолдауда өкілді билік тармағын қайта құру, сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту, сайлау үдерісін жаңғырту, құқық қорғау инс­титуттарын күшейту, бұқаралық ақ­парат құралдарының бәсекеге қа­бі­летін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін ны­ғай­ту, елі­міздің әкімшілік-аумақтық құры­лы­мын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру және дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар туралы айтылды. Халық тыңдады, оқы­ды. Қоғамда қызу талқыланды. Енді халық Жолдауда айтылған бағыт­тар бойынша жаңа Қазақстанның жа­ңаша сипатта дамуын күтеді және ол кезеңмен жүзеге асып, жарқын бо­лашақты жақындата түседі деген сенім бар ел тұрғындарында.

Бұрынғы бабаларымыз "ханда қы­рық кісінің ақылы болады" дегенді айтып кетіпті және оны теріске шығара алмаймыз. Ел басқарған адам – елінің тағдырын жауапкершілігіне алған адам. Ал мойнында миллиондаған адамның, тұтас бір мемлекеттің тағдыры бар екенін сезінген басшыны Жаратушы ақылдан кенде қылмаса керек.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жол­дауында жоғарыда айтыл­ғандардан да басқа көптеген жарқын істердің ат­қарылатынын айтты және оның орын­­далатынына күмән келтірмесек те бо­лады. Өйткені сең бұзылды, жаңа Қа­зақ­станның жаңа сипаты көрініс бере бастады. Оны күнделікті бұқаралық ақпарат құралдары таратқан жаңа­лық­тардан көріп отырмыз.

Президент өз Жолдауында: – "Ашы­ғын айтсақ, қазір қоғамда түр­лі қауесет тарауда. Бұл ахуал жалған түсінік қа­лыптастырып, елді адастырады. Сон­дықтан өткен оқиғалар туралы нақ­ты мәліметті жариялап, оған баға беру өте маңызды. Тіпті қасиетті па­ры­зымыз деу­ге болады. Жұрт оның ас­тарына үңі­ліп, себебін терең түсінуі қажет", – деді.

Бұл жерде қаңтар оқиғасы жайында айтылып отыр. Қанды қырғын жөніндегі қауесет, қызыл сөз, қоғамдық пікірлер, талқылаулар әлі басылған жоқ. Ол заңды да. Алайда біз енді өткенге салауат айтып, алдағы өмірімізге қарай ұмтылуымыз керек. Саяси төңкерістер біздің елімізде ғана емес, әлемнің барлық мемлекеттерінде орын алып жатады. Бірақ солай болды екен деп ол елде тіршілік тоқтап қалмайды, өмір жалғаса береді. Ең бастысы, қателіктен сабақ алып, алға қарай адымды аңдап басуды үйрену керек.

Ендеше, басшыға қашанда халық қосшы. Әлеуметтік желілердегі жел сөз­дерді өршітіп, арнасыз көшкінге ере бермей, Президентті қолдап, мем­лекетіміздің жаңа бағытта дамуы үшін алға қойып отырған мақсаттарын бі­рігіп жүзеге асыруымыз керек. Біз сон­да ғана қуатты, өркениетті елге айна­ламыз.

Қасымқожа ЖҰБАТЫРҰЛЫ,
Жалағаш ауданының ардагері
26 сәуір 2022 ж. 68 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930