» » Биыл МӘМС жүйесімен қамтудың жол картасы бекітілді

Биыл МӘМС жүйесімен қамтудың жол картасы бекітілді


Облыс халқының 670 мыңнан астамы, яғни, 82 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәртебесіне ие болған.

Ал биыл 133 491 адамның сақтандыру жүйесіне тіркелмегені белгілі болды. Олардың 66 пайызы соңғы 12 айда мүлде аударым жасамаған. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.

«МӘМС жүйесінің толыққанды жүзеге асуына кедергі келтіретін бірінші мәселе – өңірімізде сақтандырылмаған азаматтардың үлес салмағының жоғары болуында. Жалпы облыстағы азаматтардың 82 пайызы сақтандырылған болса, оның 3805 МӘМС пакетінің медициналық қызметтеріне қол жеткізді. Сонымен қатар осы жылы өңір халқын МӘМС жүйесімен қамтудың жол картасы бекітілді. Қала және аудан әкімдіктеріне «МӘМС жүйесіне тарту» жұмыс тобы құрылып, азаматтарды бірыңғай жиынтық төлемдеріне үздіксіз тарту туралы тапсырма берілді», – деді Бақыт Исмаханбетов.
27 сәуір 2022 ж. 78 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 986

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031