» » Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өтеді

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бір айдан кейін жаңа диалог алаңының алғашқы отырысы – «Ұлттық құрылтай» өтеді. Құрылтай ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау үшін қоғамды жұмылдыруға арналған. Ол жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделіне айналады.

Құрылтай құрамына депутаттар, Ассамблея мүшелері, сарапшылар мен құқық қорғаушылар, барлық өңірлердің, сондай-ақ Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қауымдастықтардың және өндіріс саласының өкілдері кіреді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА отырысында.

Оның айтуынша, ассамблея Ұлттық құрылтаймен бірлесіп, тиімді жұмыс істеуі керек. Себебі, түптеп келгенде, екеуінің мақсаты – ортақ.

«Ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал. Кеше тұңғыш рет Қазақстан халқы Ассамблеясының Жастар сессиясы өтті. Оның ұсынымдарын мұқият зерделеу қажет», деді ол.
29 сәуір 2022 ж. 169 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30