» » Нұрлыбек Нәлібаев: Қазақ елі қай кезде де ауызбіршіліктің ұйытқысы, ынтымақтың ырысты мекені

Нұрлыбек Нәлібаев: Қазақ елі қай кезде де ауызбіршіліктің ұйытқысы, ынтымақтың ырысты мекені

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сырбойылықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады.

Қымбатты жерлестер! Баршаңызды ырысты ынтымақ пен берекелі бірліктің, татулық пен қоғамдық келісімнің мейрамы – 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымыздың «Бірлік болмай, тірлік болмайды» деген сөзі бүгінгі күні достық, татулық ұғымдарын қастерлеудің үлгісі болып отырғаны анық.

Қашан да халық бірлігі сарай салғызып, қамал алғызған.

Қазақ елі қай кезде де ауызбіршіліктің ұйытқысы, ынтымақтың ырысты мекені болып келеді. Бұл ерекешелігімізді әлемдік қауымдастық жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі ретінде бағалауы бізге зор жауапкершілік жүктейді. Тамыры терең тарихымызға, Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, егемен елдің бүгіні мен жаңа Қазақстанның болашағына деген нық сенім жүрегімізде болуы керек.

Кешегі кеңестік зұлмат заманда қаншама этнос өкілі туған жерінен қоныс аударуға мәжбүр болып, Қазақстанды паналады. Қазақ халқы ешкімді де жатсынбай, қамқор құшағына алып, дархан пейілін көрсетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидатымыз ешқашан өзгермейді», – деп атап өтті.
Еліміздің іргесі берік, босағасы нық, шаңырағы биік болуы – тәуелсіз Қазақстанның барша азаматының ортақ мүддесі, арман-мұраты болуы тиіс.
Бүгінгі күні өңірімізде 35 этнос өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Олар Жаңа Қазақстанның жаңарып, жаңғырып, өсіп-өркендеуіне, бәсекеге қабілетті ел болуына аянбай еңбек етуде.
Қандай қиындық болса да қайыспай көтеріп, қуанышын бөлісе білетін халқымыз барда егемен еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болары сөзсіз.
Қадірлі жерлестер! Біз үшін ең маңыздысы – халықтың бірлігі мен елдің тәуелсіздігін көздің қарашығындай сақтау.
Біздің күшіміз – болаттай берік бірлікте!Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, амандық тілеймін!Халқымыз аман, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Мереке құтты болсын!
01 мамыр 2022 ж. 406 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930