Қазақстанда баспана бағасы бір жылда қанша пайызға қымбаттады?
Қазақстанда баспана бағасы бесінші жыл қатарынан қымбаттап келеді.
Бір айдың ішінде, яғни 2022 жылғы наурызға қарағанда қайта сатуға қойылған баспана құны 1,8% өсіп, шаршы метріне 459 137 теңгені құрады.
Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі сәуірде 0,8% жоғарылап, шаршы метріне тиісінше 412 315 теңге және 3 561 теңгені құрады.
ҚазАқпарат
«Тұрғын үй бағасы қатарынан бесінші жыл өсіп келеді. Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана тіркелді. Ол кезде жаңа тұрғын үй 3,6% арзандады. 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метрдің бағасы 1,6% төмендеді», – делінген ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінде.Дерекке сүйенсек, былтырғы сәуір мен биылғы сәуір аралығында пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату құны 20,3% қымбаттады. Ал абаттандырылған баспананы жалға алу төлемі 22,2% көтерілді.