» » Референдумның маңыздылығы бойынша білім саласы өкілдерімен кездесу өтті

Референдумның маңыздылығы бойынша білім саласы өкілдерімен кездесу өтті

Референдумның маңыздылығы бойынша ауданымыз бойынша бірқатар сала өкілдерімен кездесу өткізілуде. Бүгін осы орайда, аудан орталығындағы білім саласы өкілдерімен референдумның маңыздылығы бойынша кездесу өткізілді. Келелі кездесуге қатысқан «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан құрылған қоғамдық штаб өкілдері Мейірман Дина, Бекмолдаева Гүлнар, Байжанов Жантастар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайында баяндап, жаңа Конституциялық реформаның басымдық сипаттарына жан-жақты тоқталып өтті. Білім саласы өкілдерімен кездесуде партияның аудандық филиалы штаб төрағасының орынбасары Нұржан Амандық модераторлық жасады.

Қазақстандықтар тарихи таңдаудың қарсаңында Ел алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу - саяси дамудың келесі кезеңі екенін түсіну қажет. Бұл - уақыт талабы. Себебі ел тағдырын анықтайтын реформаларға тек депутаттар ғана емес, бүкіл халық қатысу қажет. Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту -халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі – деді партия ардагері Мейірман Дина.

Референдум - қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отыр. Президенттің тарихи шешімдері – жаңа әрі әділетті Қазақстан құру жолында жасалған ірі қадам, еліміздің стратегиялық болашағын айқындайтын бастама. Бүкіл халықтық деңгейдегі референдум мемлекеттің нақты өзгерістерге бет бұрғанын көрсетіп отыр, сондықтан партия барлық күш-жігерін конституциялық реформаны қоғамдық қолдауды ұйымдастыруға бағыттауға дайын, Ел тағдырын айқындайтын осынау маңызды кезеңде ешкім шет қалмауға және тарихи таңдау жасауға тиіс екендігін түсіндіріп жеткізу – деді партияның аудандық филиалының штаб мүшесі Бекмолдаева Гүлнар.

Мемлекет басшысының тарихи шешім қабылдауы бұл әділетті Қазақстан құрудағы ірі бастама. Сондықтанда еліміздің болашағы үшін, жастардың дамуы үшін, халқымыздың амандығы үшін, еліміздің жаңа қырынан өзін көрсетуі үшін жасалып жатқан қадамдарға барша әріптестерімді бірауыздан қатысуға шақырамын деді - партияның аудандық филиалының штаб мүшесі Байжанов Жантас.

Референдумның маңыздылығы бойынша өткен кездесуде білім саласының өкілдері бірауыздан Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтындықтарын жеткізді.
16 мамыр 2022 ж. 270 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 786

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031