» » Әкімдердің рейтингі жол сапасы бойынша анықталады

Әкімдердің рейтингі жол сапасы бойынша анықталады

Әкімдердің жұмысын автокөлік жолдарының сапасы бойынша анықтау жоспарланып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, жолдардың сапасын қамтамасыз ету үшін 1 мыңнан астам нормативтік-құқықтық акті қайта өңделіп жатыр. Сонымен қатар, жолдардың сапасы бойынша әкімдер рейтингін анықтау жөніндегі әдістеме әзірленіп, қазіргі таңда келісу және бекіту рәсімі жүргізілуде.

«Жолдардың негізгі бөлігі, яғни 75 мың шақырымы жергілікті жолға жатады. Негізінен, осы жергілікті жолдарға халықтың көңілі толмайды. Біз бұл жолдарды бірлесіп қаржыландыруға дайынбыз. Бірақ қызмет сапасын да талап етуге тиіспіз. Егер бізді қолдап жатса, онда облыстарда әкімдер рейтингін енгіземіз», – деп түсіндірді Өскенбаев үкімет кулуарында.

Айтуынша, әкімдердің жұмысы жөндеген жолдардың шақырымы мен оның сапасына қарай бағаланады.
17 мамыр 2022 ж. 334 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 494

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031