» » Аймақ басшысы мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Аймақ басшысы мәдениет қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.

Қадірлі қауым!

Мәдениет саласының жанашырлары!


Бүгін төл өнерді төрге оздырып, жауһар жырды жүрегінде тербеткен мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.

Туған жеріміздің бай мәдени мұраларын дәріптеуге зор үлес қосып жүрген өнер жанашырларына шынайы құрметіміз зор.

Алаштың анасы атанған қасиетті Сыр жерінде елдің атын әлемге әйгілеп, ұлық өнердің бүгінге дейін алтын арқауын үзбей, насихаттап жүрген, киелі сахна төрінде халықтың ыстық ықыласына бөленген өнер иелері аз емес.

Ұлы өнер жолында «Сыр елі – жыр елін» күллі әлемге танытқан мәдениет саласының майталмандарын кәсіби мерекемен құттықтаймын. Сіздерге шығармашылық ізденістер, жаңа табыстар тілеймін!
21 мамыр 2022 ж. 103 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930