АУДАН ӘКІМІ А.ШАМЕНОВТЫҢ 21 МАМЫР – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті мәдениет саласының қызметкерлері, сала ардагерлері!
Сіздерді 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Адамзаттың ұрпақтан ұрпаққа қалдырар ұлы мұрасы – мәдениеті мен өнері.
Тәуелсіз еліміздің рухани байлығын арттырып, ертеден келе жатқан асыл мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде, төл өнерімізді халықаралық деңгейде танытуда мәдениет пен өнер саласы өкілдерінің алар орны ерекше.
Киелі Жалағаш өңірі ежелден өзіндік мәдениеті қалыптасқан, тарих тереңіне тамыр тартқан өнер тарландарына бай өлке. Жалағаш топырағында дүниеге келіп, бүгінгі таңда республика көлемінде өнер көрсетіп жүрген таланттарымыз өрісімізді кеңейтіп, туған жеріміздің мерейін арттырып жүр.
Ауданнан шыққан талантты жас өнерпаздарымыз да халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда топ жарып, аудан абыройын асқақтатып келеді. Бұл осы салада қажырлы еңбек етіп жүрген мәдениет саласы қызметкерлерінің ерен еңбегі десек қате айтқанымыз емес.
Бүгінде мәдениет қызметкерлері ұлттық өнерімізді дәріптеп, халықты өнерімен сусындатып, рухани қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етуде.
Әлемді шарпыған пандемия кезеңінде де карантиндік жағдайларға қарамастан мәдениет саласының қызметкерлері әлеуметтік желілерде рухани-танымдық жобаларды, концерттер мен виртуалды көрмелерді онлайн режимде жүзеге асырып, халықпен байланысын үзген жоқ.
Барша мәдениет саласы қызметкерлерін, сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, шығармашылықтарыңызға табыс тілеймін!