» » СОЛТҮСТІККЕ КӨШКІҢІЗ КЕЛСЕ...

СОЛТҮСТІККЕ КӨШКІҢІЗ КЕЛСЕ...

Аудандық мәдениет және өнерді дамыту орталығында Қостанай, Шығыс Қазақстан облысы және Павлодар өңірінен келген делегация бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізіп, "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы" аясында Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныстандыруға шақырды.
Басқосуға кент, ауыл әкімдері, жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мен аудан тұрғындары және жұмыссыз азаматтар қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Ержанов жүргізіп, меймандардың сапарына сәттілік тіледі.
Шара барысында делегация мүшелері солтүстік өңірдегі әртүрлі сала бойынша бос жұмыс орындарын ұсынып, ол жақтың тыныс тіршілігімен таныстырды. Сондай-ақ, солтүстік өңірлерге қоныс аударған отбасылар жұмысқа орналасып, тұрғын үйге де қол жеткізе алатындарын жеткізді.
Онда барған отбасылардың қалаған кәсіптерін ашуға да мүмкіндігі бар. Бұған дейін қоныс аударып, сол жақта тіршілік етіп жатқан жерлестеріміздің мектеп жасына дейінгі баласы балабақшаға, мектеп жасындағылар сол өңірлердегі білім ошақтарына орналастырылып, жергілікті денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің есебіне алынған. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет қолдауының арқасында екі қолға бір күрек табылды. Оңтүстік жұрты солтүстік өңірлердің жұмыс күшін толықтырды. Ауылдан барған ағайын алдымен ауыл шаруашылығы саласына араласты. Егін екті, мал бақты. Қорасы қойға, қамбасы дәнге толды. Осындай жетістікке қуанған аймақ өкілдері биыл тағы да оңтүстікке жол салды.
– Солтүстік өңірдің табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Орман алқабы мен өзен-көлдері көпті тамсандырады. Кәсіп ашып, мал ұстаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан жеңілдіктер қарастырылған. Бұл үшін шағын несие көлемі 18 млн теңгеге дейін беріледі. Егер сіздің бизнес жүргізу тәжірибеңіз болмаса, онда кәсіпкерлік негіздері бойынша тегін оқытады. Жұмысқа орналасуға, жаңа кәсіп ашуға, көшіп баруға жәрдемдесеміз. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, солтүстікке қарай қозғалуға шақырамын, – деді жиында сөз алған меймандар.
Айта кетейік, бұл бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тарапынан көшуге және тұрғын үйді жалға алуға, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарын өтеуге қаржылай көмек беріледі. Мұндай мол мүмкіндікті құр жібергісі келмейтін ауылдағы ағайындар қолайлы жұмыс табылса, қоныс аударуға ниетті екендерін де жасырмады.
Жәрмеңке соңында аудан әкімінің орынбасары Р.Ержанов тұрғындардың ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, солтүстік аймақтарға көшуге ниет болса, ол жақта жұмыс дайын екенін тағы бір еске салды.

Н.ҚАЗБЕКОВ.
18 сәуір 2018 ж. 1 036 1

Linette от 19 мамыр 2025 13:34
Now I am going away to do my breakfast, when having my breakfast coming over again to read more news. meilleur casino en ligne Hurrah! Finally I got a blog from where I be able to in fact take valuable facts regarding my study and knowledge. casino en ligne If you would like to improve your knowledge only keep visiting this web site and be updated with the most recent information posted here. meilleur casino en ligne naturally like your web site but you have to check the spelling on quite a few of your posts. A number of them are rife with spelling problems and I in finding it very bothersome to inform the reality nevertheless I'll definitely come back again. casino en ligne France Hi it's me, I am also visiting this website on a regular basis, this website is genuinely fastidious and the viewers are in fact sharing nice thoughts. casino en ligne Hi there to all, since I am in fact eager of reading this web site's post to be updated daily. It includes good stuff. casino en ligne France excellent put up, very informative. I wonder why the opposite specialists of this sector do not realize this. You must proceed your writing. I'm sure, you've a huge readers' base already! casino en ligne fiable Oh my goodness! Impressive article dude! Thank you so much, However I am encountering issues with your RSS. I don't understand why I cannot subscribe to it. Is there anyone else having identical RSS issues? Anyone who knows the answer can you kindly respond? Thanx!! casino en ligne Tremendous issues here. I'm very glad to see your post. Thanks a lot and I am having a look ahead to contact you. Will you kindly drop me a mail? casino en ligne fiable For the reason that the admin of this web site is working, no hesitation very soon it will be renowned, due to its feature contents. meilleur casino en ligne

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 025

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30