» » Кітап – рухани жаңғыру құралы

Кітап – рухани жаңғыру құралы


Кітап – рухани байлықтың қайнар көзі. Осы қайнар бастаудан нәр алып сусындап өскен  рухы биік ұрпағы бар ел құлдырамайды. Жасырмаймыз, елімізде соңғы ондаған жылдар бойы компьютердегі ғаламдық жойқын ақпараттар ағынына түсіп кеткен жас буын, кітап оқудан мүлде қол үзіп кеткені рас. Соның салдарынан  жастарымыздың ұлттық рухы да, сана-сезімі де төмендеп кетті. Ал ел ертеңі – жастарға биік рухты қалай бере аламыз?
Үстіміздегі жылы Елбасы Н.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  атты мақаласы жарияланған болатын. Аталған мақала Қазақстан үшін тарихи дамудың жаңа кезеңіндегі асқан өзектілігімен әрі маңыздылығымен ерекшеленді. Өйткені еліміздің дамып, алға жылжуына қоғам санасының жаңғыруы аса қажетті болып саналады. Елбасымыз өз мақаласында ХХІ ғасырда ұлттық санаға қатысты және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың негізгі бағыттарын атап көрсеткен болатын. Соның бірі де бірегейі - “Жаңа гуманитарлық білім” жобасы. Бұл аталған жоба- жеке тұлға арқылы қоғамның  рухани жағынан жаңғыруы үшін өте маңызды. Әлемдік өркениетке еніп, дамыған 30 елдің қатарына қосылуға білім-ғылым арқылы ғана жететініміз шындық. Ал құлдырап кеткен құндылығымыз – ұлттық рухымызды, ұлттық мәдениетімізді көтеру үшін «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бүгінгі қоғамға қажетті дүние бола білді. Бұл туралы Елбасымыз: «Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таңдаулы үлгілердің  негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз» деген еді. Сондай-ақ, әлемнің 100 үздік оқулығының қазақ тілінде шы­ғуы 5-6 жылдан кейін жеміс бере бастайтынына сенім білдірді. Осынау жоба арқылы ел студенттері әлемдік деңгейдегі жаңа сапада алған білімдері арқылы жаһандық бәсекеге қабілетті маман болып шығады. Рухани өресі биік, жан-жақты білімді, білікті маман келешек қоғамды алға сүйрейтін басты күшке айналады.
         «Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге» деп ұлы Абай айтқандай, адам өмір бойы оқу керек. Соның арқасында ғана өзіне жан азығын алып, рухани байлық жинайды. Жастарымыздың сан ғасырлық тарихымызды ұлттық мұрамыздан оқып өсіп, әлемдік әдебиетке бой ұрса,  заманауи тұлғаға айналатыны анық. Осы орайда, аталған жобаны іске асыруда тек студенттер емес, мектеп оқушыларына да енгізген жөн деп білемін. Бүгінгі оқушы -  ертеңгі студент. Ең бастысы – оқушыларды қоғамның рухы биік тұлғасы ретінде тәрбиелеу. Осы тұрғыда мектебімізде «Көп оқып, көп білуге ұмтыл!» «Мектеп-лицей шәкірттері оқуға тиіс 30 кітап» акциясын өткізу дәстүрге айналып келеді. Лицей шәкірттері қазақ және әлем жауһарларының сом дүниелерін жыл бойы жандарына серік етіп оқуда. Мұндағы мақсат- қазақ әдебиеті мен әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқып, сол туындылардың рухани маңыздылығын ұғыну, рухани мұраны сақтап, туған жеріне, еліне деген патриоттық сезімін ояту. Нәтижесінде әрбір шәкірт оқығанынан түйгенін қағаз бетіне түсіріп, жыл соңында сынып болып түрлі бағытта қорытындылайды. Мұның өзі жоғарыда айтып өткендей, қоғамдағы рухани сананың жаңғыруына септігін тигізетін алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Мектепте кітап оқуға дағдыланған әрбір шәкірт, келешекте 100 кітапты жарыса оқитыныны хақ. Ұстаз ретінде маған Елбасы мақаласында айтылған гуманитарлық бағыттағы 100 ең жақсы оқулықтарды әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аудару туралы жобасы қатты ұнады. Өйткені, бұл біздің жас студенттер мен мамандарымызға білімі жағынан жаһандық бәсекеге дайын болуға өз септігін тигізеді. Рухани жаңғыру - білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке талпыну деп санаймын. Ұлт көшбасшысы көтерген бұл игі бастама еліміздің дамуының негізгі арқауы болатындығына  сенемін.

Л.Алданиязова
№201 мектеп-лицей мұғалімі
19 сәуір 2018 ж. 2 765 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 692

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031