Қандастар көшіне қарқын береді
Апта басында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Елбасы өткен жылы Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында «Елім, жерім деп еміренген әрбір қазаққа Қазақстанның есігі әрқашан айқара ашық. Ешкімге шектеу жоқ. Біз көшіп келетін ағайынға жол сілтеуді тұрғылықты жерінен бастауымыз керек» деген болатын. Осыған орай, аталған құжат атажұртқа оралған және оралатын қандастарымыздың бірқатар мәселелерінің оң шешілуіне ықпал етпек.
Құрылтайдағы тапсырмалардың ізімен Елбасының жоғарыда аталған Құрылтайда «Қайда жүрсе де қазақтың тарихи Отаны біреу-ақ. Ол – Қазақстан. Атамекеніміз жалғыз, ол – бір уыс топырағына дейін қасиетті Қазақ Елі» деген сөзі тарихи себептермен әлемнің түкпір-түкпіріне тарыдай шашылып кеткен қандастарымыздың көкейіндегі сан сауалдың жауабы болатын. Айтып өткеніміздей, қабылданған құжаттың арқасында қандастарымызды көптен ойлантып жүрген бірқатар мәселелер шешімін таппақшы. Оның ішінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасында қоныс аударушылардың отбасылары ғана емес, жекелеген, оның ішінде некеде тұрмаған көшіп келушілер де мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылғандығын атап өтуге болады. Ең бастысы, қандастарымыз оралман мәртебесін үш айдан аспайтын мерзімге бір реттік ұзартуға мүмкіндік алды. Бұған дейін Президент тапсырмасына байланысты сырттан келген қандастарымыздан талап етілетін қажетті құжаттар тізімінен соттылығы туралы анықтама алынып тасталған болатын. Сонымен қатар Қазақстан азаматтығын оралмандар жеңілдетілген тәртіппен бас-аяғы 3 айдың ішінде алуына болады. Оралғандар көп, келуге ниеттілер де аз емес Шүкір, көш түзеліп, керуеннің басы Атажұртқа бұрылғалы 25 жылдан асты, тәуелсіздігіміз миллиондаған қазақтың басын қосуға себепкер болды. Сыртта әлі де 5 миллиондай қандасымыз ата қонысына қарайлап отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сүйенсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша республикаға 9 989 отбасы немесе 18 605 этностық қазақ қоныс аударып, оралман мәртебесін алды. Оралғандардың көбісі немесе 45,6 пайызы – Өзбекстаннан, 43,6 пайызы – Қытай Халық Республикасынан, 3,2 пайызы – Түрікменстаннан, 2,4 пайызы – Моңғолиядан, 1,8 пайызы – Ресейден және 3,4 пайызы басқа елдерден ат арытып жеткен. Ресми мәліметтерге қарағанда, оралмандар негізінен Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Астана қалаларының аумағына шоғырланған. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы Рахым Айыпұлының деректеріне қарағанда, тәуелсіздік жылдары елімізге 1 млн астам қандасымыз түпкілікті қоныс аударғанымен, сырттағы қазақтардың табиғи өсімі, демографиялық ахуалы өте жоғары деңгейде сақталған. Мәселен, 90-шы жылдары Қытайдағы қазақ саны 1 млн 200 мыңның айналасында болған. Сол уақыттан бері олардың 250 мыңы атажұртқа көшіп келгенімен, аталған көршілес елдегі қазақтың саны қазір 1 млн 700 мыңға жуықтайды. Бұл – табиғи өсім. Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия мен Ирандағы қандастарымыздың шоғыры әлі де басым. Ал Ауғанстандағы жүздеген отбасы сол елдегі қақтығыстардың салдарынан өзге араб елдеріне ауып, бас сауғалап жүргенге ұқсайды. Ғылым мен білімге қосылған әлеует Елімізде «Оралман» атауының өзі түпкілікті сіңісіп, сүйкімді терминге айнала қоймағандығын мойындауымыз керек. Әрине қоғам тарапынан бірнеше балама атаулар ұсынылды, бірақ нақты шешім де, кесімді ой да әзірге табылар емес. Оның үстіне елде оралмандарға жасалған азғантай жеңілдіктердің өзін көп көретін ұстаным барын да жоққа шығара алмаймыз. Ал іс жүзінде оралман мен масылдықты қатар қоюға бола ма? Мүмкін емес. Өйткені тек ресми сандарға сүйеніп, тарқата айтып көрелік. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша оралмандардың 66,4 пайызға жуығы еңбекке қабілетті жаста екен. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі – 27,6 пайыз, ал зейнеткерлер 6 пайызды құрайды. Демек аяқ-қолы балғадай, кез-келген жұмысқа сұранып тұрған апталдай азаматтардың қарасы көп. Ал Рахым Айыпұлының деректеріне қарағанда, сырттан келген қандастарымыздың арасында 74 ғылым докторы, 213 ғылым кандидаты бар. Жоғары білімділері де жеткілікті. Демек ғылыми потенциал жоғары, тек соны пайдалана білу керек. «Қытайдағы қандастарымыз сауаттылық деңгейі бойынша Қытайдағы 56 ұлттың ішінде бесінші орында тұр. Бұл – бәсекеге қабілетті, саналы, дарынды ұлт ретінде қалыптасқандықтың белгісі. Осыған қарамастан жас ұрпақтың ұлттық тілінен, ата дінінен, салт-дәстүрден қол үзіп бара жатқандығы ғана алаңдатады. Енді ол жақтағы ағайынның көші-қон мәселесіне қатысты қиындықтарын тойтарып, елге көшіріп алмасақ, айдың-күннің аманында миллиондаған бауырларымыздан айырылып қалуымыз мүмкін» деп Р.Айыпұлы қынжылысын жасырмайды. Сауаттылық пен еңбекқорлыққа келгенде шет елдерден келген қандастарымыздан үйренеріміз де бар. Еуропа қазақтарының білімі жайында толғауға асықпайық, ұлы көштің ішіндегі қытайлық қазақтардың білім деңгейін айттық. Ал Өзбекстаннан оралған оралмандардың қай-қайсысы да еңбекке икемді, төзімді және тоқымдай жерден нәпақа тауып өскен ұрпақ. Моңғолиядағы қазақ отбасылары ең кемі 500-1000 қойдан өргізіп отыр. Игерілмей жатқан жерді, сортаңның өзін қиып берсек, гүлдендіріп, малмен толтыруға оралмандардың қауқары жетеді. – Қарағанды өңіріне барған сапарымызда квотасыз келген ағайындардың ондаған жылдардан бері өз орнын таппағанын көріп қынжылдық. Қазақтың кең даласы баршамызға ортақ, елім деп соққан жүректі кең дала өзекке теппейді. Сондықтан оралман ағайындар онсыз да бос жері аз, жұмыс орны тапшы оңтүстік өңірлерге барудан гөрі, мүмкіндігі мол Қостанай, Қызылжар өңірлеріне барса дұрыс болар еді, – дейді біз әңгімелескен Мәжіліс депутаты Кәрібай Мұсырман. Қалай десек те, оралмандардың көптеп келуінен ұтпасақ, ұтылмаймыз. Алдымен елдің қорғаныс қабілеті нығаяды, тұтынушы нарығы кеңейе түспек. Серік ӘБДІБЕК, «Егемен Қазақстан»
Толығырақ: https://egemen.kz/article/167847-qandastar-koeshine-qarqyn-beredi
Материалды көшіріп басқанда Egemen.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз!

Пікір 1