» » СОЛ ЖАҒАЛАУ: АЛҒАШҚЫ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

СОЛ ЖАҒАЛАУ: АЛҒАШҚЫ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Қызылорда қаласында салынып жатқан «Рухани жаңғыру» орталығы ғимаратының құрылысы аяқталды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бейсенбіде сол жағалаудағы жұмыс барысымен танысты.
Орталықты салу кезінде бұрынғы Қазақ орталық атқару комитеті ғимаратының сызбасы негізге алынды. 1925 жылы осы нысанда «қазақ» деген тарихи атауды қайтару туралы қаулы қабылданған болатын. Осылайша еліміз «қырғыз-қайсақ» атауынан арылып, Алаш зиялылары мен ардақтыларының арманы орындалды. Алайда тарихи нысан кезінде бұзылып кетті. Жергілікті ғалымдар кейін оның сызбасын мұрағаттан тапты. Бұл тарихи шешім қабылданған орынды қайтадан бірдей үлгіде салып шығуға мүмкіндік берді. Ғимараттың бір жағында аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығы, ал бір жағында музей орналасады.
– Сырдария өзенінің сол жаға­лауы игеріле бастағалы алғаш салынып біткен орталық ғимараты болды. Мемлекеттік комиссия ғимаратты қабылдап алды. Қазақ орталық атқару комитетінің ғимаратының сызбасымен салынған нысан астана болған Ақмешітте халыққа қызмет еткен Жалау Мыңбаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Ұзақбай Құлымбетов, Әлихан Бөкей­ханов секілді Алаш қайрат­керлерінің ұлт алдындағы еңбегіне құрмет іспетті, – дейді орталық директоры Нұрлыбек Мыңжасов.
«Промстройсервис» ЖШС бас директоры Манарбек Еспембетовтің айтуынша, құрылыс жұмысы төрт айға созылды. Енді тек ішкі шаруасы қалып тұр.
– Кірпішті Ресейдің Белгород қаласынан алып келдік. Бұрын пайдаланылған Николай кірпіші табылмады. Ал есік-терезелері, басқа да жабдықтары осы заманғы дүниелер, – дейді мердігер компания директоры.
Жаңа нысанды аралап көрген аймақ басшысы қалған жұмыстың сапалы атқарылуын тапсырып, сол жағалаудағы құрылыс барысы қатаң бақылауда болатынын жеткізді.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».
06 мамыр 2018 ж. 1 859 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930